Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары – Камалов Курбанали Абидаевич – жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Мамандығы Агрономия. Еңбек жолын 2008 жылдың мамырынан бастап, Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында аға лаборант, ғылыми қызметкер; 2013 жылдың сәуірінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде «Агрономия» пәндерінен арнайы пән оқытушысы, кафедра меңгерушісі, әдіскер, бөлім меңгерушісі, 2022 жылдың қыркүйек айынан директордың оқу жұмысы жөніндегі қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және Облыстық маслихаттың, облыс әкімдігінің, білім басқармасының құрмет, алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Үздік педагог-2021» атағының иегері.
Тел.: +7 (775) 816 91 97;
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – Карабалаева Ажар Джумахановна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкері қызметінен бастап бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Ғылыми жұмыстары Қазақстанның оңтүстік жағдайында дәнді, мал азықтық, майлы және көкөніс дақылдарын өсірудегі қор үнемдеу және топырақ қорғау технологияларын жасақтауға бағытталған. Ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда баяндалған, 100 астам ғылыми еңбектері жарияланып, 2 кітабы, 30-дан астам ұсынысы жасақталып, баспадан шығарылды. Ғылыми-техникалық Кеңестің төраға орынбасары және ФАО/ИКАРДА халықаралық ұйымының Қазақстан Республикасының ирригация, су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесшісі міндетін атқарды. М.Ауезов атындығы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Агротехнология» және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедраларында аға оқытушы міндетін атқарған. «Үздік ғалым» медалімен, «КазАгроИнновация» АҚ-нің атынан және Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығы атынан «Құрмет» грамоталарымен марапатталған.
Тел.: +7 (702) 195 50 30;
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Жақып Сандуғаш Дүйсенбайқызы, мамандығы физика және информатика пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 17 жыл. Нұр Отан ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мадақтамасымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық Білім шыңы-ғылым сыры» журналының «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» Мадақтамасымен, медалімен, Түркістан облыстық Мәслихатының грамотасымен марапатталған.
Тел.: +7 (747) 606-49-50
Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары – Айтқұл Рахымжан Сметұлы, мамандығы инженер-электрик, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 30 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төс белгімен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан Облыстық мәслихатының Грамотасымен, Түркістан Облысы Әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталған.
Тел.: +7 (701) 760-22-87
Директордың оқу -әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары – Қазыбаева Алима Тасболатқызы, мамандығы биолог, биология ғылымдарының кандидаты, «Ауыл» ХДПП партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 26 жыл. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасы, Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының Құрмет грамотасы, Түркістан облысының әкімінің Алғыс хаты, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы, Оңтүстік Қазақстан Білім департаментінің Алғыс хаты, «Кәсіпқор» Холдингі» КеАҚ Алғыс хаты және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Тел.: +7 (701) 390-11-33
Директордың оқу өндірістік-практика ісі жөніндегі орынбасары – Асқар Асылбек Жумабайұлы, мамандығы зооинженер, тарих, экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 34 жыл. 2000 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы. 2015 жылы Ы.Алтынсарин төсюелгісі. 2017 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі төсбелгісі. Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін медалі.
Тел.: +7 (701) 421-39-27