7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Түркістан жоғары көпсалалы,аграрлық колледжінде 7 мамыр – «Отан қорғаушылар» күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада колледж директоры Н.Алипбеков құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік деңгейде атап өтілетін мерекенің маңыздылығына тоқталды. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. Осы орайда концерттік бағдарлама барысында білім алушылар мен жас оқытушылар патриоттық әндер шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған