Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымға сүйене отырып, “Өзін-өзі басқару” ұйымы жұмыс жасайды.
“Өзін-өзі басқару” ұйымы-жалпы адами құндылықтарға бағытталған, еркін негізде құралатын өзін-өзі құраушы, өзін-өзі басқарушы қоғам.
“Өзін-өзі басқару” ұйымы-ашық, демократиялық, өзіндік қалыптасқан құрылым. Сонымен қатар ұйым-жастардың ұйымдастыру қабілетін және өзара қоғамдық қатынастар мен жауапкершілікті сезіну, танымдық шығармашылық дағдыны жетілдіру, өмірлік іс-әрекеттерді және өзіндік пікірді қалыптастыру болып табылады.
“Өзін-өзі басқару” ұйымының мақсаты мен міндеттері:
📌 Жастардың отансүйгіштік қасиетін дамыту;
📌 Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;
📌 Жастардың қоғамдық, шығармашылық, инновациялық бастамаларын қолдау;
📌 Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
📌 Жаһандану жағдайында мәдениет, ілім-білім саласында заманауи үрдістерге сай үздіксіз даму әрекеттерін жүзеге асыру;
📌 Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау;
Ұйымның өзіне тән құрылымы бар:
🟢 Ұйымның жетекшісі – Ширенханова Таңшолпан Хасенқызы
🟢 Ұйымның президенті- А9-191 тобының білім алушысы Сұлтан Баймұрат Жұмағалиұлы
🟢 Ұйымның Білім және ғылым министрі- Тм9-191 Марс Сұлужан
🟢 Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі- Кишибаева Назерке Ерланқызы
🟢 Мәдениет және спорт министрлері- Асыл Жасұлан және Балабиев Әділ
🟢 Әділет министрі- Ош9-191 Қанеш Ұлмекен.
Сондай-ақ, ұйымда еріктілер клубы, дебаттық клубы, көңілді тапқырлар клубы т.б клубтар, үйірмелер жұмыс жасайды.