Түркістан жоғары аграрлық колледжінің базасындағы Түркістан облысының ТжКОБ ұйымдары арасында «Ауыл шаруашылық» саласы бойынша құрылған «Агрономия» құзыреттілік орталығы. 

 

            Құзыреттілік орталық (бұдан әрі ҚО) – бұл Түркістан облысының Білім басқармасы мен әдістемелік орталығының құрамына кіретін ТжКОБ жүйесіндегі үйлестіруші жұмыс органы.

ҚО тарихы

Түркістан облысының «Агрономия», «Өсімдікерді қорғау және карантин», Агрохимия және Топырақтану», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Орман шаруашылығы», «Бақ-саябақ шаруашылығы» мамандықтары бойынша маман дайындайтын Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының құзыреттілік орталығы Түркістан облысының білім басқармасының 2018 жылғы 24 қазандағы № 283 бұйрығы негізінде құрылып, 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.

 ҚО құрамы

Қазіргі уақытта «Агрономия», «Өсімдікерді қорғау және карантин», Агрохимия және Топырақтану», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Орман шаруашылығы», «Бақ-саябақ шаруашылығы» мамандықтары бойынша оқытуды облысымызда 8 колледж жүзеге асырады.

ҚО енген Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары:

 

Колледж атауыБайланыс сымтетіктеріЭлектронды почтасы
1Түркістан жоғары аграрлық колледжі8(7252) 55-40-69

8(7252) 55-40-64

turkistan_agro@mail.ru

shymagrakoll@mail.ru

2Қапланбек жоғары аграрлық – техникалық колледжі8(7253) 75-85-32kgaek@mail.ru

 

3Мақтарал аграрлық колледжі8(7254) 13-26-12Mak.kolledj@mail.ru
4М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі8(7252) 21-44-62Ukgu2016@mail.ru
5Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық  агроэкономикалық  колледжі8(7253) 12-26-00gaik_aksu@mail.ru

 

6Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі8(7253) 32-41-8623.kolledzh@mail.ru
7Д.Қонаев атындағы аграрлық – техникалық колледжі8(7253) 12-69-42konaev25@mail.ru
8Д.Құрманбек атындағы №20 колледж8(7254) 42-19-4820-kolledj@mail.ru

 

ҚО қызметі 

  1. ҚО негізгі мақсаты Түркістан облысының ТжКОБ ұйымдарындағы білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және Адами капиталды дамыту мен ауыл шаруашылық саласын жаңғырту мақсатында, білім, ғылым мен өндіріс интеграциясын дамыту арқылы аграрлық салаға бәсекеге қабілетті, құзыретті маман даярлауда техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігін көрсету болып табылады.
  2. ҚО қызметінің негізгі міндеттеріне жатады:

– педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейін көтеру;

– педагог кадрлардың кәсіптік шеберлігін жоғарылату;

– оқу үрдісінде оқытудың озық инновациялық технологияларын кеңінен қолдануға бағыт-бағдар беру;

– үздіксіз тәжірибе алмасу;

– инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;

– озық технологиялық тәжірибелерді талдап отыру;

– оқытудың кредиттік технологиясы мен дуальды оқыту жүйесін енгізу практикасын талдау;

– білім алушылардың жан-жақты білімді болуына жеке тұлға болып қалыптасуына өздігінен ізденуіне әсер ету;

– білім алушыларға жаңа дағдыларды WORLDSKILLS  стандарттары арқылы қалыптастыру;

– ҚО саласына сәйкес келетін ТжКОБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТжКОБ ұйымдары қызметінің өзара әрекеттестігін жүзеге асыру және үйлестіру.

  1. ҚО мынадай функцияларды жүзеге асырады:

– ҚО енген Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына сапалық талдау жасайды (әдістемесі, ғылымилығы, педагог кадрлардың сапасы, МТБ, инновациялық жобаларға мүмкіндіктері);

– ҚО енген ҚО енген Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін құзыреттілік бойынша тәжірибе алмасу мақсатында онлайн сабақтарын ұйымдастыру, өткізу кестесін әзірлейді;

– Техникалық және кәсіптік білім беру саласы мен ауыл шаруашылығындағы озық инновациялық технологияларды тарату, өзара тәжірибе алмасу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үйлестіреді (негізгі іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, форумдар, онлайн-сабақтар, вебинарлар, презентациялар, шебер сыныптар және т.б.)

– ТжКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

– ҚО әзірлеген ТжКОБ оқу-әдістемелік құжаттамасын, сондай-ақ оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын іске асырады және таратады;

– ҚО саласы бойынша білім беруді іске асыратын ТжКОБ ұйымдарынан ҚО-қа жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратады;

– колледждердің білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту мәселелері, сондай-ақ оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды зерделеу және дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;

– оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТжКОБ ұйымдарына консультациялық көмек беруді жүзеге асырады;

– Облыстық «WORLDSKILLS ТURKISTAN» чемпионатына дайындық қызметін жүзеге асырады;

– “Агрономия ” құзыреттілік орталығы бойынша құрылған «WORLDSKILLS ТURKISTAN» облыстық (аймақтық) чемпионатының құзыреттіліктері (Флористика, Өсімдік шаруашылығы, Жылыжай техгнологиялары, Ландшафттық дизайн) бойынша Эксперттік қауымдастықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді;

– «WORLDSKILLS ТURKISTAN» облыстық (аймақтық) чемпионатына ҚО қарасты бойынша 4 құзыреттілік (Флористика, Өсімдік шаруашылығы, Жылыжай техгнологиялары, Ландшафттық дизайн) бойынша тапсырмаларды әзірлеу бойынша ұсыныс пікірлерді жинайды;

– «WORLDSKILLS ТURKISTAN – 2021» облыстық (аймақтық) чемпионатын өткізу үшін чемпионат стандарттары мен тапсырмаларын бекітуге ұсыныс дайындайды.

– «WORLDSKILLS ТURKESTAN – 2021» облыстық (аймақтық) чемпионатын өткізеді.

  1. ҚО қызметі Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы бекітетін және Түркістан облысының әдістемелік орталығы мен ҚО жауапты колледжбен келісілетін бір оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
  2. ҚО өз жұмысын орталыққа кіретін ТжКОБ ұйымдарының барлық өкілдерінің тең құқылығы, басшылықтың алқалылығы, қабылданған шешімдердің жариялылығы принциптерінде құрайды.
  3. ҚО отырысы жылына екі рет өткізіледі.
  4. Тиісті сала бойынша ҚО қызметі Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы шешімінің негізінде тоқтатылады.

Агрономия ҚО 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жоспары